Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді кіші отанын дамытуға ынталандыру және қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын насихаттау мақсатында «Жомарт Жүрек» жобасын жүзеге асырады.

———————————————————————————————————————————————————————————————————–

ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

1. Туған өлкенің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға өңір тумаларын тарту;

2. Әлеуметтік бастамаларды іске асырудың оң тәжірбиесін тарату;

3. Ең жарқын және маңызды қоғамдық бастамаларды жүзеге асырудың оң тәжірибесін жергілікті және республикалық деңгейлерде іске асыру мен тарату мақсатында оларды жинақтау және еселеу;

4. Қоғамдық пайдалы қызметке азаматтардың тартылу деңгейін арттыру;

5. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру.